АҚТӨБЕ ӘКІМДІГІ ВАХТА КОНТЕЙТЕРІН ҚАЛАЙ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ АЙНАЛДЫРДЫ?

Қарғалы ауылы Ақтөбе қаласынан 6 шақырымдық жерде орналасқан. Пойыз вагонына ұқсайтын бұл темір “үйде” 22 отбасы өмір сүріп жатыр. Еділбай Керімбаев вахта контейнерінде 15 жасынан бері тұралы. Бүгінде жалғызбасты әке 2 баланы асырап отыр. Оның айтуынша, тұрғындарды жаңа үйге көшіру мәселесі жыл сайын көтеріледі, бірақ сол күйі шешілмейді.

URANkz белсенділерінің алдында билікке базын айтқан тұрғындардың ішінде облыс әкімін үйіне қонаққа шақырып, жағдайды көрсеткісі келгендер де табылды. «Бәрін біледі, бәрі де біледі. Осындай темір үйде тұрып жатқанымызды облыс әкімі О. Оразалин де біледі деп ойлаймын. Облыс әкімін қонаққа шақырсам деп едім. Мен 70-тегі анамын, келіп менен темір үйден шай ішсін», — дейді ашынған тұрғын. Иә, мұндағы тұрғындардың жағдайы мәз емес. Аядай темір контейнердің ішінде ұйықтайды, ас шеді және жуынады.

Сондай-ақ, дәл осы жерде балалар сабағын оқып, одан тыс ойнағысы да келеді. Одан бөлек, бұл үйлерде ыстық су жоқ, әжетхана сыртта орналасқан, қыста іші суық, ал жазда қайнап тұрады. Вахта контейнері бұл ауылда қайдан пайда болған деген сұраққа келсек. Тұрғындардың айтуынша, контейнерлер 1993 жылы геологтар үшін әкелінген. Олар кеткен соң, вахта контейнерлері жекешелендіріліп, адамдарға сатылған көрінеді. Осы орайда Ақтөбе облысы әкімдігіне бізден сұрақ туындайды.

Вахта контейнерлері қалайша тұрғын үйге айналды? Мұндағы тұрғындардың келешек тағдыры не болмақ?

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться