«БЕСОБА СИЯҚТЫ БҰЛ ДА ҚҰЛАЙДЫ»: Сапасыз салынған үйдің тұрғындары дабыл қағып отыр

2012 жылы опырылып құлаған Қарағандыдағы үйдің тұрғындарына сегіз жылдан кейін бірақ баспана берілген. Жаңа тұрғын үй қираған Бесобаның орнына бой көтерген.

Шапағат деп аталатын тұрғын үй сапасыз салынған. Мұнда ыстық су жүйесі мүлдем орнатылмаған, пәтерлер өте суық. Светлана Сарсенбаева есімді тұрғынның айтуынша өмір сүру мүмкін емес болғандықтан 10 қабатты үйдің тұтас подъезінде тек он адам ғана тұрып жатыр екен.

Құбырлар жарылып жертөлені су басқаннан кейін алғашқы қабаттардың қабырғалары ылғалданып, еден көгеріп кеткен. Бірінші қабаттарда жылу жоқ.

«Жергілікті биліктің 9 жыл бұрын болған оқиғадан сабақ алмағаны таңғалтады. 8 жыл күткенде сапалы үй берер деп үміттендік, алайда мазақ қылғандай болды. Кім, қалай қабылдаған бұл үйді?», — деп ашынады тұрғындар.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Көмек