«БІЗГЕ ТАЗА АУА КЕРЕК»: Ақтөбелік эко-белсенділер дабыл қағып жатыр

URANkz белсенділері Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайына алаңдайды. Осы өңірге сапар барысында мобильді тобымыздың мүшелері жергілікті эко-белсенділермен кездесті. Табиғат жанашыларлары жылдан жылға қала ауасының бұзылып бара жатқанын айтады. Ауаны ластап жатқан өнеркәсіп орындарының түтіні. Әсіресе жел соққан кезде қала ащы да ауыр түтінге тұншығады, ал жаз мезгілінде жағдай тіпті қиын көрінеді.

Ақтөбеде ферроқорытпа және хром қосындылары зауыттары жұмыс істейді. Қала шетінде орналасқан бұл өндірістік орындар қалдығының зардабын қара халық тартып жатыр. Ақтөбелік эко-белсенділермен әңгіме барысында айтылғандай, аталған мәселеге қатысты билік өкілдерінен қайран жоқ. Тіпті бұл жерде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің өзі де болыпты. Жергілікті эко-белсенді Юлия Донгаузердің мәлімдеуінше, қалаға премьер-министр, президент секілді жоғарғы лауазым иелері келгенде зауыттардан будақтап шығатын қара түтіннің көлемі айтарлықтай азаятын көрінеді. Экология жанашырлары сөздеріне дәлел ретінде ауа тазалығын өлшеп те көрді. Арнайы мобильді қосымшаның көрсетуінше, ауаның ластануы тиісті деңгейден жоғары.

Эко-белсенділердің бір ғана өтініші бар: «Бізге таза ауа керек»! Иә, эко-белсенділер шулап жатыр деп зауыттарды жауып тастамайтыны түсінікті. Дегенмен табиғат пен онда өмір сүріп жатқан тіршілік иелерінің алдындағы жауапкершіліктің болуы міндетті.

URANkz қоғамдық бірлестігі экология тазалығына бей-жай қарамайды, сол себепті аталған мәселе әкімдік пен құзырлы органдардың назарына жеткізетін болмыз.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться