ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылының тумасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметінің аға лейтенанты
Қайрат Ибраймов 2011 жылы ірі көлемдегі есірткіні тасымалдаған қылмыскерлерді құрықтау барысында қаза тапты. Бұл ерлігі үшін ол ҚР Президентінің жарлығымен II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Қызылорда облысында іс-сапарда жүрген Қазақстанның Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер,
Қайрат Ибраймовтың әріптестері — запастағы полковник Файзолла Қаменов пен запастағы подполковник Сергей Решетников батырдың ата-анасына құрмет білдіріп, аруағына құран бағыштады.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Көмек