ЖЕР КӨП! ЖЕР ЖОҚ!

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы Қызылқайнар ауылы Қырғызстан мемлекетімен шекаралас жерде орналасқан. Елдімекен тұрғындарын жайылым мәселесі мазалайды.

Ауыл тұрғыны Бегалы Ысқақовтың айтуынша, өлкеде өндіріс, сауда, басқа да жұмыс орындары жоқ. Мұндағы халықтың жалғыз күн көрісі — мал шаруашылығы. Маңайдағы жерлер кезінде жеке меншікке өткен. Сондықтан заң жүзінде ауыл тұрғындарына мал жаюға тиым салынады. Алайда ол жерлердің қожайындары не мал жаймайды, не егін екпейді де екен. Олардың кім екені де белгісіз.

Елдімекен таудың беткейінде орналасқандықтан мамыр айында жайылым күйіп кетеді. Сол себепті төрт түлікті Саз аңғарына жаю керек болады. Алайда Сазда орын жоқ. Талас жеріне көпір болмағандықтан малды өткізе алмай қиналады екен тұрғындар.

«Шырша құрғанға жыл сайын миллиондап қаражат бөлінеді ғой. Бізге бір көпір салып беруге болмас па екен? «, — деп күйінеді Мәди Қалжанов.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться