КӨМЕК #ҚОРҒАУ #ӨЗІНӨЗІҚОРҒАУ — URANkz республикалық қоғамдық бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары

2019 жылдың 20 маусымынан бері #КӨМЕК бағытының шеңберінде Арыс қаласының тұрғындарына, “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттарға, елордадағы балалар үйіне,“Мектепке жол” акциясын қолдап, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды мектепке қажет құралдармен қамтамасыз етуге КӨМЕКТЕСТІК.

Өмір бойы әскери қызметте жүріп, қоғамдық қызметке енді араласа бастағандықтан, осылайша біртіндеп тәжірибе жинай бастадық.
Сол кезде қоғам өміріндегі ушығып тұрған әлеуметтік мәселелердің бірі — тұрмыстық зорлық-зомбылық екенін түсіндік.
Әйел адамға қол көтеру, құқығын таптап, зорлық қылу — ездің ісі. Өркениетті қоғамда мұндай жағдайға жол беруге болмайды.
Сондықтан біз ер-азамат ретінде тұрмыстық зорлық көрген әйел адамдарды #ҚОРҒАУ-ға алдық.

Былтырғы жылы 16 күндік #ЗорлыққаЖолЖоқ акциясының шеңберінде #НеМолчи ұйымымен бірге өткізген Талдықорғандағы конференция #ӨЗІНӨЗІҚОРҒАУ тренингтеріне жалғасты. Әйелдерге арналған ТЕГІН ТРЕНИНГТЕР мен шеберлік сабақтарында апаларымыз бен қарындастарымызға ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНГЕН ЖАҒДАЙДА ҚАНДАЙ ӘДІС-ТӘСІЛ ҚОЛДАНУ КЕРЕК екенін үйреттік.

URANkz РҚБ-нің 11 облыста филиалы бар. Нұр-Сұлтанда бастаған әрбір шара үнемі облыс орталықтарында жалғасады.
Бұл бір жарым жылдың ішінде атқарған жұмысымыздың бір бөлігі ғана. Біздің ешбір бастамамыз аяқсыз қалған емес.
URANkz әрқашан ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫН!

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться