КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БАЛАЛАРЫН ҚАҢЫРАҒАН ҮЙДЕ ӨСІРУГЕ МӘЖБҮР

Қызылорда облысындағы Төретам ауылы Байқоңыр космодромынан жарты сағаттық жерде орналасқан. Елдімекенде жартылай қаңыраған бес қабатты жалғыз үй бар. Терезелері сынған, су, канализация құбыры, жылу, газ жоқ бұл үйде бірнеше көпбалалы отбасы тұрып жатыр. Үйді жылыту үшін тұрғындар қолдан пеш жасап алған. Әр отбасының сыртта орнатылған әжетханасы бар. Суды жақын маңайдағы колонкадан тасиды.

Мұнда тұру мүмкін болмаған соң адамдар жан-жаққа көшіп кеткен. Үйдің үш подъезінде бір-бір отбасыдан ғана қалған. Алты баланың анасы Бақытгүл Азиеваның айтуынша, үйдің төбесінен су ағады, ал қыста колонкадағы су мұз болып қатып қалады. Жартылай қаңыраған үйде тұру қиынға соқса да, олардың басқа барар жері жоқ.

«URANkz» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен Қазақстанның Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Төретам ауылына барып, халықтың жағдайын біліп келді.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться