Мұндай жаңалық тұрғындардың ашуын шақырды

Осыдан бірнеше күн бұрын «URANkz» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен Қазақстанның Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді біріктірген қызыл автобус Қызылорда қаласындағы саяжайларда болды. Бір топ журналист пен блогер тұрғындардың жай-күйі жайлы ақпаратпен интернетте бөлісті.

Тұрғындардың хабарлауынша, келесі күні оларға әкімдіктің қызметкерлері келген. Автобус мерекеден кейін қатынайтын болады деп уәде еткен. Ең қызығы, бұқаралық ақпарат құралдарында Қызылорда әкімдігі «3-4 адамның пікірі қоғамның пікірін білдірмейді» деп, «Ягодка», «Пищевик» саяжай алабтарына автобус қатынамайды деген ақпаратты жоққа шығарған. Мұндай жаңалық тұрғындардың ашуын шақырды.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться