Тараз қаласындағы Чимкентская 11 көшесінде апатты үйлер бар

Тараз қаласындағы Чимкентская 11 көшесінде апатты үйлер бар. Қызыл автобус барған келесі нысан – көпбалалы аналар мен зейнеткерлер тұратын осы үйлер болды. Құралай Әділбекова алты баланың анасы. «Бұл үйде ыстық су, жуынатын жер жоқ. Су қайнатып, аядай үйде балаларды кезек-кезек шомылдырамын. Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға құжаттарымызды тапсырмақ болғанбыз, баспаналарың бар деп, қабылдамай қойды. Ал мынандай үйде тұру өте қауіпті», — дейді ол. Қорқуға себеп бар. Әр отбасы газ баллондарын күнделікті қолдануға мәжбүр. Ескі үйдің электр тоқтары жалаңаш жатыр. Подъезде өрт те бола жаздаған екен, тұрғындар уақтылы байқап, тілсіз жаудан аман қалған. Үйдің іргетасы болса үгітіліп жатыр. Тұрғындар бір күні үй қирап, үйіндінің астында қалсақ қайтеміз деп жанын шүберекке түйіп отыр. Олардың айтуынша, жергілікті билік тарапынан ешқандай тексерістер жүргізілмейді.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться