ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА ХАТ ЖОЛДАДЫ

Құжатта ҚХП депутаттары ел өңірі тұрғындарының ауыз суға қол жеткізе алмай отырғанына қатысты мәселені баяндап, Президенттен облыс әкімдеріне проблеманы шешуді жеделдетуді, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама арқылы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған қаражаттың жұмсалу тиімділігін тексеруді тапсыруды сұрады. Үндеуде депутаттар сумен қамтамасыз ету мәселесін тиімді шешуге көмектесетін бірқатар шара ұсынды. Айқын Қоңыровтың сөзінше, жергілікті жердегі кейбір әкімдер ауыз су мәселесі туралы тіс жармауға тырысады. «Біздің Қызыл Автобусымыз ауылдарды аралап жүргенде, адамдарды мәселені сыртқа шығармауға үгіттеген. Кейбір елдімекендерде адамдарға бізге шағымданса, мүлдем сусыз қалдыратындарын айтқан. Бұл адамдар жылдар бойы сусыз отырады. Суды арықтан алады. Алайда есептерде біз мүлдем басқа сандарды көреміз», – деді Айқын Қоңыров.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться