ҚАРАҒАНДЫ МАҢЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖЕР, ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ СУ ЖОҚ

Қарағанды маңындағы Сарытөбе ауылында 700 жуық адам тұрады. Олардың басты мәселесі — интернеттің, ауыз судың және жайылым жердің жоқтығы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар күнде ұңғымадан су алу үшін 11 километр қашықтықты жаяу жүруге мәжбүр. Қыста боран мен аяз күшейген күндері бұл жолды жүріп өту қиынға соғады. Сарытөбедегі жерасты суы өте ащы, ішуге жарамсыз екен.

Тұрғындардың жалғыз күн көрісі — мал шаруашылығы. Алайда ауылдың айналасындағы жер жеке меншікке сатылғандықтан, мал жаю, мал басын көбейту қиын болып отыр.

Қазақстанның Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер және бір топ журналист пен блогерлер тұрғындармен кездесіп, жағдаймен танысып қайтты.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Көмек