«ӨЛЕРМЕНДІГІМНЕН СҮЙРЕТІЛІП ЖҮРМІН»

Гүлвира Қадырбердиева I дәрежелі мүгедек, екі баланы жалғыз асырап отырған ана. Жолдасы екінші баласына жүкті кезде қайтыс болған.

Гүлвира Қадырбердиева жергілікті медицинаға көңілі толмайтынын, бұл салада жемқорлық етек алғанын айтады. I дәрежелі мүгедектерге тиісті медициналық көмек көрсетілмейтідіктен, ол қажетті дәрі-дәрмегін өзі сатып алып, ақылы медицина қызметтерін қолдануға мәжбүр.

Ал емханада пандус, лифт орнатылмаған, сатылар болса қауіпсіздік стандарттарына сай жасалмаған.

Жалғыз басты ана мектепте оқитын баласына онлайн оқуға қажетті смартфонды алып бере алмайтынына қатты қынжылады. Себебі заң бойынша I дәрежелі мүгедектерге несие берілмейді екен.

Одан өзге Гүлвира Қадырбердиева тиісті әлеуметтік көмек көрсетілмейтінін, қалада инватаки үшеу ғана болғандықтан, бұл қызмет мұқтаж жандардың барлығына жетпейтінін, азық-түлік бағаларының шарықтап бара жатқанын айтты.

Гүлвира Қадырбердиева тұратын 13 ықшам аудан, 8 үйде лифт 11 жылдан бері жұмыс істемейді, жертөле суға толған. Тұрғындардың шағымына жергілікті билік көз жұма қарайды.

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться