80 ЖЫЛДЫҚ ЕСКІ ҮЙДІҢ СЕРГЕЛДЕҢІ

Ақтөбе қаласы Некрасов көшесінде орналасқан бұл тұрғын үйдің 80 жылдан астам тарихы бар. Қаусаған ғимарат талай оқиғаның куәсі. Ал қазір мұнда адам тұрмақ түгіл, ғимаратқа жақындау қауіпті. Үй әбден ескірген, қабырғалары жарылған, іргетасы шөккен және шатыры тозған. Кез келген уақыт опырыла құлауы мүмкін. Үй иелері өз күшімен үйдің төбесін жапқызып, су мен кәріз желісін тартқызған және жағдайы бары әжетхананы үйдің ішіне орнаттырып алған. 3 жыл бұрын тұрғын үй апатты жағдайда, адам тұруға болмайды деп акт жасалған екен.Соған қарамастан қазір мұнда 9 отбасы тұрып жатыр. Тұрғындар ескі үйдің астында қалып қоймасақ болғаны деген үреймен өмір сүріп жатқанын айтады. Амал қанша, баратын басқа жер жоқ.

«Қала әкімі 2020 жылдың соңына дейін жаңа тұрғын үйге көшесіздер деген болатын. Көп ұзамай ол қала әкімі қызметінен кетті, ал біз болсақ жаңа үйге көшуді күтіп отырмыз», — дейді зейнеткер Гүлнара Ысқақова. Демек әкімдіктің бұл мәселеден хабары бар деген сөз. Бірақ оны шешуге асықпайтын сияқты. Осы орайда, қала әкімі ауысқан сайын мәселе осылай шешілмей қала бере ме деген сұрақ туады.

Сонда биліктің халыққа берген уәдесі қайда қалады?

Присоединиться

Ұранға қосылу

Обратиться