«ҰРАН» РҚБ-ның ҮНДЕУХАТЫ

Қазақстан — ұлы, тәуелсіз ел!

Қазақстан — осы елде туған, осы елге оралған немесе оралғысы келетін әр азаматтың Отаны!

Біздің мүдделерімізді қорғау үшін сайланған билік басындағы өкілдер арқылы біз мынадай мәселелерді әділ шешіп, бақылауға тиіспіз:

— Біздің жеріміз бен байлығымыз кімге сатылады, біздің балаларымызға не қалады?

— Тұрғын үй салу үшін және бизнес жүргізу үшін жер бөлу. Біздің жерімізде кім және қандай шарттармен бизнес жүргізе алады?

— Шетелдіктердің меншігіне ешқандай жер телімі берілмейді! Егер шетел азаматы Қазақстанда бизнес жүргізгісі келсе және ол үшін осы елдің жер телімі қажет болса, онда ол жер телімін айқын меншік иелері бар қазақстандық заңды тұлғалар арқылы ғана алады. Ешқандай оффшорлар болмауы тиіс!

— Билік басындағылардың халықтың өкілі болу жүйесі өзгеруі тиіс. Бүгінгі күні саясаткерлер мен шенеуніктер Отанының азаматтарының мүдделерін білдірмейді. Біз бұл жүйені тоқтатамыз!

— Біздің жеке меншігіміз — гүлденуіміздің кепілі! Мемлекет өзіне жауапкершілік алуы және жеке меншікті иелену құқығына 100% кепілдікті қамтамасыз етуі тиіс. Егер мемлекетке сіздің жеке меншігіңіз жолдарды немесе инфрақұрылым нысандарын салу үшін қажет болса, онда мемлекет сіздің меншігіңізді нарықтық бағасынан үш есе жоғары бағаға сатып алуы тиіс!

— Шағын және орта бизнесті дамыту. Тұрақты жұмыс орындарын ашу және лайықты еңбекақы төлеу. Әкелерге отбасын лайықты түрде асырау үшін еңбекақының мөлшерін әділ тағайындауымыз қажет.

— Несиелер бойынша пайызды төмендету. Халықтың банктен өте жоғары әділетсіз пайыздармен алған несиелері бойынша берешек міндеттемелерін шегеруге жағдай жасау. 

— Барлығына заңның үстемдігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің реформасын аяқтау. Біз ең қатал шаралардың жүргізілуіне және ОРЫНДАЛУЫНА қол жеткіземіз.

— Үкіметтің жұмысын ТҮМС басшысынан бастап министрлер мен әкімдерге дейін айқын әрі жария қоғамдық бақылау. Халық өз мұқтаждықтарын біледі және халық билік өкілдеріне өз талаптарын жеткізе алуы тиіс және оның орындалуын бақылай алуы тиіс.

— Дәстүрлер мен құндылықтарды нығайтуға күнделікті үлес қосу. Отбасы – қазақстандықтардың негізгі құндылығы. Отбасын құру және баланы сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен, еркіндікте өсіру – нағыз ерлік.

— Жанұяда әйелдің орны ерекше! Әйелдің отбасыда ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік өмірде де өзін-өзі жүзеге асыруы мемлекет үшін маңызды. Жұмыс жасайтын ата-аналар үшін бала бағушыларға төлейтін ақысын мемлекеттік өтеу мүмкіндігін жасау.

— Көп балалы аналарға мемлекеттің тарапынан лайықты әрі әділ қолдау көрсету. Әрбір көп балалы ана іс жүзінде үйдегі тірлігін жасап, қоғамның игілігі үшін балаларын тәрбиелеуде.

— Біздің әйелдеріміз, аналарымыз, апа-қарындастарымыз, біз сіздердің жақтарыңдамыз! Сіздер – елдің болашағының кепілісіздер. Егер бүгін біз сіздерге көмектеспесек, ертеңгі күні бәріміз жоғалып кетеміз!

Өз Жерімізде не болатынын біз ғана шешеміз!

Новости

8 Наурызға арнайы URANkz- тен Tik-Tok конкурс

Өздеріңіз білетіндей, «URANkz» — бұл халықтың өмірін мүмкіндігінше жақсарту мақсатында қоғамдағы жақсылық пен әділеттіктің қозғалысы.Жақында көктем келеді және көктем керемет мерекелермен басталады. Өздеріңіздің аналарыңызды, әжелеріңізді

Файзолла Каменов мен Сергей Решетников сенбі күні біздің кеңсемізде азаматтарға жеке қабылдау өткізеді

Біздің ұйымның өкілдері, әрі Қазақстан Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттары Файзолла Каменов мен Сергей Решетников сенбі күні біздің кеңсемізде азаматтарға жеке қабылдау өткізеді. Қабылдау алдын

Файзолла Каменов енді кеңсемізде жеке қабылдау өткізеді

Біздің өкіліміз, әрі Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты — Файзолла Каменов енді кеңсемізде жеке қабылдау өткізеді! Барлық ниет білдірген тұрғындар кездесуге өздерінің сұрақтарымен,