Біз туралы

Кошеков Азат Жанатович

1985 жылы туған. ҚР ҰҚК Академиясын үздік тәмамдады (2008 ж.). Қарулы күштер қатарындағы қызметі: ҚР Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің органдарында әртүрлі жетекші лауазымдарда жұмыс атқарды (2008-2020 жж.). 2020 жылдың қараша айында денсаулығына байланысты жұмыстан босатылып, запасқа шығарылды. Жетістіктері: Қызмет еткен кезең ішінде ведомстволық марапаттармен бірнеше рет марапатталды. Ағылшын, неміс және орыс тілдерінде еркін сөйлейді.

Каменов Файзолла Каменович

Каменов Файзолла Каменович, 1960 жылы туған. Запастағы полковник, ҰҚК арнайы бөлімшесінің «А» қызметіндегі әскери офицері. Лаңкестікке қарсы операцияларға қатысушы. Мемлекеттік марапат – 2-дәрежелі «Айбын» орденімен, ҰҚК-ң «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» жоғары марапатымен және «ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

Решетников Сергей Николаевич

Решетников Сергей Николаевич, 1974 жылы туған. Запастағы подполковник, ҰҚК арнайы бөлімшесінің «А» қызметіндегі әскери офицері. Лаңкестікке қарсы операцияларға қатысушы.  ҰҚК-ң «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» жоғары марапатымен және басқа ведомстволық марапаттармен марапатталған.

Паяев Айбек Минаимбекович

Паяев Айбек Минаимбекович, 1980 жылы туған. Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: •      Қазақ мемлекеттік заң университеті (2002 ж.); •      «Қайнар» университеті (2004 ж.) Еңбек өтілі: •    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмыстары басқармасының Шарттар және талап қою-қуыну жұмыстары бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы (04.2003-09.2004 жж.); •   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасының нормативтік-құқықтық актілерді сараптау және заңнаманы құқықтық талдау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы (09.2004-05.2005 жж.); •       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасының Құқықтық мәселелерді түсіндіру, шарттарды құқықтық сараптау және аналитикалық жұмыс бөлімінің бас маманы, Астана қаласы (05.2005-04.2006 жж.); •  Қазақстан Республикасы

Құрметті достар! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз

Көктемнің осы шуақты күнінде сіздерге мерекелік көңіл-күй, бақыт, бейбітшілік пен келісім, амандық тілейміз!Үйлеріңіз әрқашан махаббат пен қуанышқа,ырысқа толы болсын! Өкінішке орай,осы мерекені екінші жыл қатарынан біз пандемия жағдайында өткізіп отырмыз.Бірақ сақтық шаралар, ең алдымен,өзіміздің қауіпсіздігімізге бағытталған.Демалыс және мереке күндері денсаулығыңызға көңіл бөліп,сақтық шараларын сақтап, сау жүріңіз! Абай болыңыз. Біздің күшіміз — бірлікте

«ҰРАН» РҚБ-ның ҮНДЕУХАТЫ

Қазақстан — ұлы, тәуелсіз ел!

Қазақстан — осы елде туған, осы елге оралған немесе оралғысы келетін әр азаматтың Отаны!

Біздің мүдделерімізді қорғау үшін сайланған билік басындағы өкілдер арқылы біз мынадай мәселелерді әділ шешіп, бақылауға тиіспіз:

— Біздің жеріміз бен байлығымыз кімге сатылады, біздің балаларымызға не қалады?

— Тұрғын үй салу үшін және бизнес жүргізу үшін жер бөлу. Біздің жерімізде кім және қандай шарттармен бизнес жүргізе алады?

— Шетелдіктердің меншігіне ешқандай жер телімі берілмейді! Егер шетел азаматы Қазақстанда бизнес жүргізгісі келсе және ол үшін осы елдің жер телімі қажет болса, онда ол жер телімін айқын меншік иелері бар қазақстандық заңды тұлғалар арқылы ғана алады. Ешқандай оффшорлар болмауы тиіс!

— Билік басындағылардың халықтың өкілі болу жүйесі өзгеруі тиіс. Бүгінгі күні саясаткерлер мен шенеуніктер Отанының азаматтарының мүдделерін білдірмейді. Біз бұл жүйені тоқтатамыз!

— Біздің жеке меншігіміз — гүлденуіміздің кепілі! Мемлекет өзіне жауапкершілік алуы және жеке меншікті иелену құқығына 100% кепілдікті қамтамасыз етуі тиіс. Егер мемлекетке сіздің жеке меншігіңіз жолдарды немесе инфрақұрылым нысандарын салу үшін қажет болса, онда мемлекет сіздің меншігіңізді нарықтық бағасынан үш есе жоғары бағаға сатып алуы тиіс!

— Шағын және орта бизнесті дамыту. Тұрақты жұмыс орындарын ашу және лайықты еңбекақы төлеу. Әкелерге отбасын лайықты түрде асырау үшін еңбекақының мөлшерін әділ тағайындауымыз қажет.

— Несиелер бойынша пайызды төмендету. Халықтың банктен өте жоғары әділетсіз пайыздармен алған несиелері бойынша берешек міндеттемелерін шегеруге жағдай жасау. 

— Барлығына заңның үстемдігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің реформасын аяқтау. Біз ең қатал шаралардың жүргізілуіне және ОРЫНДАЛУЫНА қол жеткіземіз.

— Үкіметтің жұмысын ТҮМС басшысынан бастап министрлер мен әкімдерге дейін айқын әрі жария қоғамдық бақылау. Халық өз мұқтаждықтарын біледі және халық билік өкілдеріне өз талаптарын жеткізе алуы тиіс және оның орындалуын бақылай алуы тиіс.

— Дәстүрлер мен құндылықтарды нығайтуға күнделікті үлес қосу. Отбасы – қазақстандықтардың негізгі құндылығы. Отбасын құру және баланы сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен, еркіндікте өсіру – нағыз ерлік.

— Жанұяда әйелдің орны ерекше! Әйелдің отбасыда ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік өмірде де өзін-өзі жүзеге асыруы мемлекет үшін маңызды. Жұмыс жасайтын ата-аналар үшін бала бағушыларға төлейтін ақысын мемлекеттік өтеу мүмкіндігін жасау.

— Көп балалы аналарға мемлекеттің тарапынан лайықты әрі әділ қолдау көрсету. Әрбір көп балалы ана іс жүзінде үйдегі тірлігін жасап, қоғамның игілігі үшін балаларын тәрбиелеуде.

— Біздің әйелдеріміз, аналарымыз, апа-қарындастарымыз, біз сіздердің жақтарыңдамыз! Сіздер – елдің болашағының кепілісіздер. Егер бүгін біз сіздерге көмектеспесек, ертеңгі күні бәріміз жоғалып кетеміз!

Өз Жерімізде не болатынын біз ғана шешеміз!

Присоединиться

Ұранға қосылу

Көмек